27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢ ТАРТЫМДЫ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР ТАРТЫЛМАҚ

Жұма, 11 Наурыз 2016 06:20

 

2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 289 миллиард теңгені құрап, 3,7 пайызға өссе, ауылшаруашылық өнім көлемі 9 пайызға, инвестициялар көлемі 2 пайызға артты. Осыған орай, мемлекет басшысы және облыс әкімдігі тарапынан қойылған міндеттерді іске асыру мақсатына Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы дайындалды, деді ОҚО әкімдігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов. Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде қала аумағына қосылған елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осының дәлелі ретінде 2016 жылы 8 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге кәріз, 5 елді мекенге электр, 2 елді мекенге газ тартылады. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту 85 пайыздан 88 пайызға, кәріз 41-тен 47 пайызға көтерілсе, электрмен қамту көреткіші 86-дан 88 пайызға, отындық газ тарту пайызы 67-дан 69 пайызға ұлғаяды. Мұнан тыс шаһарда жарықтандыру, абаттандыру, транспорт саласы бойынша да жүйелі жоспарлар жасалынуда. Мәселен, тұрғын үй құрылысын дамыту үшін аз уақыт ішінде 1 260 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, қала мектептерінде оқушылар үшін электронды бақылау жүйесі орнатылуда. Биыл өнеркәсіп саласында 29 жобаны іске асырып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Одан бөлек, инвесторларды ынталандыру мақсатында Тассай және Жұлдыз елді мекендерінен 2 индустриялды аймақ құрылмақ. Елдегі үшінші ірі қалаға айналу үшін қаламыздағы ең тартымды салаларға инвестициялар тарту басты назарда. Бұл бағытта отандық және шетел инвесторларын тарту үшін кемінде жылына 20 жобаны іске асыру көзделуде. Биыл «Shymkent PLAZA» сауда кешені ашылмақ. Шымкент - жылыжайлар отаны. Осы мүміндікті пайдалана отырып, ендігі жерде тамақ өнеркәсібін ұйымдастыруға қала аумағынан арнайы 136 гектар жер телімін беру жоспарлануда. Одан бөлек, жалпы 1100 гектар жерге көкөніс және бақша, жылыжай, өсіру секциясы ұйымдастырылмақ. Бұл жерлерге қызығушылық танытқан кәсіпкерлер болса, жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі.

573 рет қаралды

Пікір жазу