"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА ТАСҚЫННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жұма, 11 Наурыз 2016 07:12

 

Шығыс Қазақстан облысына биыл қар жылдағыдан 1,5-2 есе артық мөлшерде түскен. Қазір өңірде тасқын жүру қаупі басым. Әсіресе Қатонқарағай, Зырян, Зайсан, Көкпекті аудандарында қар қалың. Сондықтан бұл аймақтарда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көкпекті халқы ауылдық округтер мен елді мекендердегі қарды сыртқа тасымалдап жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментін алаңдатып отырған аудандардың бірі – Көкпекті ауданы.Өйткені желтоқсан айында бір-екі күннің ішінде өңірде 1,5-2 метр қар түскен. Қазір аудандағы жұрт осы қарды шығару жұмыстарымен жаппай айналысып жатыр. Жергілікті құтқарушылар болса, Көкпекті су жинау тоғанының арнасын қардан аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өткен көктемде осы Көкпекті су жинау тоғаны еріген қарға төтеп бере алмай, маңайдағы он шақты үйдің ауласын қызыл су шайған болатын. Күзде бөгет қайта жөнделіп, қалыпқа келтірілді. Мамандардың айтуынша, тоғанға жан жақтағы таулардан еріп аққан 86 мың текше метр қар суы сыяды. Маңында 90 үй орналасқан. Биылғы қалың қар тоғанның арналарын бітеп тастағандықтан, басты күш осы жерге жұмылдырылды. Ал ауыл ішіне түскен қарды тазарту жұмыстарына бүкіл тұрғын көмектесіп жатыр. Мектеп, әкімдік, жекеменшік мекеме қызметкерлерінің бәрі бар. Әйтпеске шара жоқ. Күн қатты жылыса ауылға төнер қауіп көп.

624 рет қаралды

Пікір жазу