13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЙЫЗЫ 40 МЫҢҒА ЖУЫҚ ХАЛЫҚҚА КӨМЕК КӨРСЕТКЕН

Дүйсенбі, 14 Наурыз 2016 13:30

 

Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі шалғай елді мекендерді аралап Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау мақсатында жолға шыққан әлеуметтік пойыз бүгін Шымкент қаласына аялдап, штаб жетекшісі Ә.Әлпейісов пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы, үйлестіруші дәрігер Н.Қыдырбаевтар ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, сапардың мұратын түсіндірді. «Бейбітшілік пен келісімді ту еткен пойыз жолаушыларының құрамында барлық министрліктің 100-ден аса білікті мамандары бар болса, солардың 30 шақтысы әлеуметтік саланың қызметкерлері. Жалпы, акция барысында пойыз 12 облыстағы шалғай елді мекендерге тоқталып, 39 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсеткен. Елбасының бастамасымен қолға алынға бұл шараның басты мақсаты – шалғайдағы ауылдарда Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін қарапайым халық арасында кеңінен насихаттап, мемлекетіміздің мерейлі мерекесін сезіндіру болып табылады. Сондай-ақ, ширек ғасырлық азаттық тойын тойлау арқылы халқымыздың әлеуметтік мәселелерімен танысу және оның шешілуіне мейлінше ықпал етуге атсалысу» - деді Ә.Әлпейісов. Баспасөз мәслихатында сөз алған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басқарма басшысы акция барысында бүгінгі күнге дейін пойыз құрамындағы дәрігерлердің 12 мыңнан астам азаматқа тегін медициналық көмек көрсетіп, 400-ден астам балаға орталықтан ем алу үшін жолдама берілгенін жеткізді. Айта кетейік, 15 ақпан күні Астана қаласынан бастау алған «Мәңгілік ел» пойызының соңғы аялдамасы 18 наурыз күні Алматы қаласы болмақ.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

604 рет қаралды

Пікір жазу