"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО - ДА АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Сәрсенбі, 16 Наурыз 2016 13:44

 

Оңтүстік Қазақстан облысында ардагерлер ұйымының VII конференциясы өтті.

Алқалы жиынға облыс әкімі, ардагерлер ұйымының мүшелері, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және аудан, қалалардың әкімдері, мәслихат хатшылары, барлық құзырлы органдардың өкілдері қатысты. Конференция жұмысына қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов қария болмаса – қоғамда береке болмайтынын айтып,  елдің өсіп-өркендеуіне олардың қосар үлесі зор екенін жеткізді.

«Сіздер – салт-дәстүріміздің сақталуына әсер етіп, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие берудің озық үлгісін көрсететін адамдарсыздар. Облысымыз қазыналы қарттар мен ардақты аналарға өте бай. Сондықтан да, Оңтүстік Ұлысымыздың ұйытқысы болып отыр», - деді облыс әкімі.
Жиын соңында облыс әкімі бірқатар ардагерлерді қоғамдағы белсенді  қызметі үшін марапаттап, оларға ұзақ өмір, зор денсаулық тіледі.  
Айта кетейік, облыста жалпы 214 599 зейнеткер тұрса, олардың 352-сі Ұлы Отан соғысының ардагері, 209 мыңнан астамы тыл еңбеккері.

619 рет қаралды

Пікір жазу