"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА БИЫЛ 47 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛМАҚ

Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:32

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жайында ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева баяндады. Баяндамашының айтуынша, биыл облыста мемлекеттік салалық бағдарламалар шеңберінде 47 684 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланып, оның 21 мыңға жуығы тұрақты болса, 26 802-і уақытша жұмыс орындары. Құрылатын жаңа жұмыс орындарының 4320 – «Нұрлы жол» бағдарламасы, 600-ге жуық орын «Индустриалды-инновациялық даму» бойынша, 210 орын «Агробизнес 2020 жол картасы», 16 мыңға жуығы мемлекеттік салалық бағадарламалар аясында, 4 мыңнан астамы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», ал 22 152 орын «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде құрылмақ. Ал облыста жыл басынан бері 11 мыңнан астам азаматпен әлеуметтік контракт түзілген. Оның 4508-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 4165 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 2409 жастар практикасына, 141 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында басқарма басшысы экономикалық дағдарыс кезеңінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саясатты жүргізу мақсатында жалпы 14 млрд. 373 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, оған 54 мыңға жуық азаматты қамту көзделгенін айтты.

                           

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

531 рет қаралды

Пікір жазу