"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ҚАРҚЫНЫ АРТАДЫ

Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:39

 

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 110 жол нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Яғни облыс бюджетінен 513,6 шақырым жол мен 17 жасанды имаратқа құрылыс – монтаждау жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, бюджетті тиімді пайдалану үшін концессия жолымен ұзындығы 48 шақырымдық «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс жаңа айналма жолының құрылыс» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы облыста 69 жол нысанның құрылыс жұмыстарына 15,1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 420,4 шақырым жолдың және 7 жасанды имараттың құрылысы жүргізілген болатын. Нәтижесінде облыстық маңызы бар 19 жол, 1 көпір жөндеу жұмыстарынан өтіп, 8 жол мен 1 көпір пайдалануға берілді. Ал қала және аудан көлемінде 49 нысанда яғни, 250 шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері пайдалануға берілді. Айта кететін бір жайт, 2015 жылы жол құрылысы саласында жаңа технологияны қолдану нәтижесінде 40 млн. теңге қаржы үнемделген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

475 рет қаралды

Пікір жазу