"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІНЕ ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:48

 

Жамбыл облысында соңғы жылдары 9 спорт кешені пайдалануға берілді. Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков мәлім етті.
«Сонымен қатар, облыста спортты, оның ішінде бұқаралық спортты өркендетуге  бағытталған 2011-2015 жылдарға арналған аймақтарды дамытуға арналған бағдарлама іске асырылды. Бүгінгі таңда осы бағдарлама шеңберінде өңірде спортты дамыту мақсатында жаңа спорт нысандары бой көтерді. Мысалы, 2012 - 2015 жылдары облыста 9 спорт кешені қолданысқа берілді (Тараз қаласы-5, Сарысу-1, Талас-1, Мойынқұм-1, Жуалы-1). Сонымен қатар, облыстық бюджет және демеушілер тарапынан 31 спорт алаңшасы салынды (Тараз қаласында 14, аудандарда 17)»,- деді Г.Қайнарбеков.

Бір ғана, 2015 жылы Мойынқұм, Жуалы аудандарында спорт зал  кешендері, Тараз қаласында №3 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебіне арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы пайдалануға берілді,

Сондай-ақ, соңғы жылдары ірі өндіріс орындарындағы қызметкерлер мен жұмысшы-жастардың спортпен айналысулары басты назарға алынды. Нәтижесінде «Казфосфат» ЖШС тарапынан спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл спорт кешенінде бүгінгі таңда 600 жұмысшы және 150-ге жуық жасөспірімдер спортпен тұрақты шұғылдануда.

503 рет қаралды

Пікір жазу