"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 143 ЖОБА ІСКЕ АСПАҚ

Сәрсенбі, 30 Наурыз 2016 10:06

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймағы басқарушы компаниясының бас директоры М.Тұрабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдегі барлық индустриалды аймақтарда «Оңтүстік» индустриалды аймағын қосқанда соммасы 174 млрд. теңгені құрайтын 143 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Осылайша, индустриалды аймақтардың аумағы 70 пайызға толып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы индустриялдық аймақтар саны мен сапасы бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын дамытып, арттыру мақсатында шағын және орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасау үшін облыстың барлық аудан, қалаларында индустриялды аймақтар құрылуда. «Бүгінде облыста 560 гектарды құрайтын 7 индустриялық аймақ іске қосылып, өз жұмысын бастаған. Бұл – Созақ, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт, Түлкібас аудандары мен Түркістан, Шымкент қалаларындағы «Оңтүстік» индустриалды аймақтар. Ал қалған 4 индустриялдық аймақ пайдалануға енгізу сатысында», -деді М.Тұрабеков. Бүгінде аудан, қалаларда ашылған индустриалды аймақтарда 100 млрд. теңгені құрайтын 73 жобаның 11-і жүзеге асырылды. Олардың құрылуына жұмсалған бюджеттік қаржы қайтарыла бастады.
Ал 2016 жылы соммасы 12,4 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асырылмақ. Олардың 8-і «Тассай», 3-і «Бадам» индустриалды аймағында іске асырылады деп жоспарлануда. Сонымен қоса, осы жылы «Тассай» индустриалды аймағында ресейліктермен бірлескен фармацевтикалық зауыттың құрылысы мен светадиодтты шамдар, ортопедиалық бұйымдар, жиһаз өндірісіне арналған МДФ панельдері зауыттарын іске қосу жоспарлануда. Ал, «Бадам» индустриалды аймағында болат құйю зауытының құрылысы мен ірі жиһаз фабрикасы, бау-бақша арбаларын құрастыратын фабрикалардың құрылысын аяқтау жоспарлануда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

479 рет қаралды

Пікір жазу