"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУҒА ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫННЫҢ 63 ПАЙЫЗЫ ӨТЕЛДІ

Бейсенбі, 31 Наурыз 2016 07:01

 

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкентте 2010 жылы құрылған «Оңтүстік» индустриалды аймағы өндіріс жобаларымен 100 пайызға толықты. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оңтүстік» индустриалды аймағы басқарушы компаниясының бас директоры М.Тұрабеков хабарлады.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай мұнда құны 74 млрд. теңге болатын 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны бар 71 жоба ашылады деп күтілуде. Бүгінге дейін оның жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгені құрайтын 39-ы іске қосылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылса, осы жылға 18 жобаның (құны – 2,2 млрд. теңге) тұсауы кесіледі деп жоспарлануда.

─ «Оңтүстік» индустриалды аймағы ашылған 6 жылда мұндағы кәсіпорындар 65,7 млрд. теңгенің өнімін өндірсе, оның 17,5 млрд. теңгесі өткен 2015 жылға тиесілі. Нәтижесінде, аймақты салуға жұмсалған бюджет қаржысының 63 пайызы өтеліп, қазынаға 1 миллиард 271 миллион теңге көлемінде салық түсті, - деді бас директор.

М.Тұрабековтың айтуынша, облыстағы 11 индустриалды аймақты тиімді жобалармен толтыру мақсатында күнделікті келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі күннің өзінде басқарушы компанияның портфелі келешегі бар 80 инвестициялық жобаға толығып отыр. Олардың ішіндегі 50 жоба шетел инвесторларының қатысумен болса, 9 жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жіберілген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

424 рет қаралды

Пікір жазу