13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1,2 МЛН.НАН АСТАМ АҒАШ ЖӘНЕ ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Жұма, 01 Сәуір 2016 09:46

 

Елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыру жұмыстарын атқару мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 мың гектардан астам аумаққа 730 мыңға жуық ағаш көшеттері, 4 мың гектарға жуық жерге 470 мыңнан астам гүл көшеттері егіліп, отырғызылды. Облыстағы орталық көшелер мен даңғылдардың бойына, орталық саябақтарға отырғызылған арша, талшын, бозарша, қарағаш және емен сияқты көшеттер аймақ орталығы – Шымкент қаласына отырғызылды. Атап айтқанда, 35 мың түптен астам жасыл желек көшеттері мен 90 мың дана түп петунья, запырангүл (шафран), катарантус, тагейтис, көпжылдық раушан мен түймедақ гүлдері Бәйдібек би, Д.Қонаев, Республика, Астана даңғылдарының бойы және әкімшілік-іскерлік орталығының маңына егілген. Ал қалған 700 мыңға жуық ағаш көшеттері мен 380 мыңнан астам гүл түптері облыстың аудан, қалаларындағы орталық көшелер мен саябақтарға отырғызылды. Айта кетейік, жас өскіндерді баптап, суғару жұмыстарын тиісті мамандар қадағалап жатса, өнбей, қурап қалған көшеттер мен гүл тұқымдары мердігер мекемелер есебінен қайта егілуде. Жыл соңына дейін аймақта жасыл желек отырғызу жұмыстары одан әрі де жалғасып, 1 миллионнан астам ағаш пен гүл көшеттері егіледі деп жоспарлануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, облыс аумағын көркейту, көгалдандыру шаралары арқылы тұрғылықты халықтың өмір сүруіне, демалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижелері 2015 жылмен салыстырғанда 33 пайызға ұлғаймақ.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

475 рет қаралды

Пікір жазу