"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКІСТАНДЫ АБАТТАНДЫРУ КЕШЕНДІ ЖОБАЛАРДЫҢ БАСТАУЫ

Дүйсенбі, 04 Сәуір 2016 04:36

 

Түркістан қаласында апта сайын тазалық күні өтіп, қаланы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл игі жұмыстарды жасауда шаһар басшылығынан бастап, тұрғындарына дейін белсенділік танытуда. Осылайша ежелгі Түркістанның келбетімен үндескен «Күншығыс қақпасынан» бастап, түрлі түсті гүлдер отырғызылып, даңғыл жолдардың жиектері шарбақтармен қоршалуда. Бұл шарбақтар қалаға лайықты сән беретініне қуанған түркістандықтар қаланы жасыл желекке айналдыру жағында қолға алған. Тұрғындардың көз қуанышына айналған тындырымды тірліктердің бірі абаттандыру болса, алдағы уақытта туризм және әлеуметтік, өндірістік бағыттағы салаларды жетілдіру үшін жергілікті биліктің негізгі жұмыс жоспарында кешенді жобаларды іске асыру міндеті тұр.

Бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев: «Қазіргі таңда басшылық тарапынан тиісті шараларды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар алдық. Осындай абаттандыру жұмыстарымен қатар, қаламыздың көрікті орындарының санын арттыру және туристерге ыңғайлы жағдай жасап, олардан түсетін табыс көзін ұлғайту, өндірістегі тың жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осы орайда, тұрғындарымыздың табысын арттырып, қуаныштарын еселей түсетін жобаларымыздың біраз бөлігін биыл іске асыруды көздеп отырмыз. Мәселен, тұрғын үй кешендері, жаңа өндіріс орындары, халыққа қызмет көрсету орындары секілді нысандар бой көтеретін болады. Бұл облыс әкімінің назарындағы мәселелер» - деп атап өтті. Ендеше Түркістанның түлей түсуіне тілеулес жандар үшін келер күндер еншісінде жан жадыратар жаңалықтар қатары мол деп сеніммен айта аламыз.
Айта кетейік, шаһарды көркейтіп, көгалдандыру мақсатында бүгінгі күнге дейін демеушілер есебінен 85 мың түп ағаш көшеттері мен 50 мың гүл көшеттері егіліп, отырғызылды.

 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

448 рет қаралды

Пікір жазу