"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА БИЫЛ ЕГІСТІК КӨЛЕМІ 4,7 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТТЫ

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 04:45

 

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі жылдағымен салыстырғанда 4 700 гектарға артып, егіс көлемі 780,5 мың гектарға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дихандар жаздық астық пен мақта алқабының көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, былтыр Күнгей мақташылары 99,3 мың гектарға «ақ алтын» ексе, биыл оның көлемін 11,3 мың гектарға көбейтіп, ақ мақта алқабын 110,6 мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, биыл жаздық астықтың көлемі ұлғайған. Мәселен, 41,2 мың гектарға жаздық астық егу межеленсе, бүгінге дейін жоспар 108 пайызға артығымен орындалып, 44,3 мың гектарға (7,2 мың га бидай, 33,9 мың га арпа) дән себілген.

Сондай-ақ, өңір диқандары 33 мың гектарға (меже - 46 мың га) жоңышқа, 45,6 мың гектарға (меже - 72,4 мың га) мақсары, 6,5 мың гектарға (меже - 13,8 мың га) картоп, 16 мың гектарға (меже - 35,7 мың га) көкөніс егіп үлгерді. Егу жұмыстары бұдан әрі жалғасады.
Айта кеткен жөн, биылғы жер айдау жұмыстары 460,6 мың гектарға межеленіп, 5 сәуірдегі мәлімет бойынша нақты 450,2 мың гектар жер жыртылып, жұмыстар 98 пайызға орындалды.

451 рет қаралды

Пікір жазу