"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 1300 ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 05:27

 

Жамбыл облысында 40-қа жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. 1300 гектардай аумақтың кадастрлық құны 17 миллион теңгеден астам. Бұл пайдаланылмай жатқан жер телімдерінің бір бөлігі ғана. Прокурорлар облыс бойынша ауқымы 22 мың гектардай 302 осындай жер телімін анықтаған. Жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асып жығылады. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың 112 заңсыз шешімі тоқтатылып, 21 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Аян Сапарбеков, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры: - Қазіргі таңда жер бір адамға берілсе, ол 3 жылдың ішінде игеруі керек. Игерілмесе мемлекетке қайтарылады жер. Қазір оны баяғыдай қайтадан сатып жіберіп, басқа біреуге сыйлап жіберу жоқ. Қазір мемлкетке автоматты түрде қайтарылады. Үш жыл игеріп, қабылдау актісі болғаннан кейін ғана жекеменшікке шығарып жатырмыз.

356 рет қаралды

Пікір жазу