"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА БАСШЫЛАР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сәрсенбі, 06 Сәуір 2016 06:06

 

ОҚО-да жаңа лауазымдық тағайындаулар орын алды.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен 2016 жылдың 6 сәуір күні облыс әкімінің орынбасары лауазымына Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев тағайындалды.

Ж.Қ. Бөкенбаев 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, бухгалтер-экономист.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы «3-Энергоорталық» ААҚ атқарушы директоры болып бастаған. 2002-2005 жылдары «3-Энергоорталық» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры, «Түркістанэнерго» ААҚ оңалтуды басқарушысы және атқарушы директоры, «Оңтүстік Жарық» ЖШС директоры, «Астана-финанс» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық коммуналдық жүйесі» АҚ-ның президенті, «Investment Company Capital Management» ЖШС-нің бас директоры ретінде еңбек еткен. 2009-2013 жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры, Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры, «Казақэнергосараптама» АҚ электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры, «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Казақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болған.

 

 

Сонымен қатар, Ордабасы ауданына жаңа әкім тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Ордабасы аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ордабасы ауданының әкімі лауазымына Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды.

А.К. Мамытбеков 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.
Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтері ретінде бастаған. 1996 жылы Шымкент қалалық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының маманы болып бастап, мемлекеттік қызметке келеді. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етіп келді.

 

 

Дәл бүгін облыстағы тағы бір ауданға жаңа басшы келді. Сайрам ауданының әкімі болып Самат Сапарбаев тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Сайрам аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі лауазымына Самат Айдарханұлы Сапарбаев тағайындалды.

С.А. Сапарбаев 1962 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл кірпіш зауытының слесарі ретінде бастаған. 1988-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, хатшысы лауазымдарын атқарған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық әкімшілігі жастар ісі бөлімінің меңгерушісі лауазымында бастаған. 1997-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, аумақты дамыту және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Сайрам ауданы Қарасу ауыл округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2013 жылдың маусым айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

953 рет қаралды

Пікір жазу