11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШҚО-ДА БИЫЛ ҚАНДАЙ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚШЫ ? ...

Бейсенбі, 07 Сәуір 2016 11:36

 

Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан  облысында 9,7 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет басшысының 5 институттық реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған брифинг барысында өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бүгінгі күні өнімділік пен тиімділікті арттыруға, өнімділігі аз салаларды қолдаудан арылып, болашағы бар, ең бірінші кезекте экспортқа бағдарланған салаларды таңдап алу қажет. Облыстың экономикалық жағдайы қазір де, келешекте де өнеркәсіптің дамуымен байланысты және негізгі басымдық Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыруға беріледі»,-  деді облыс басшысы.
Д.Ахметовтің айтуынша, облыста 890,7 млрд. теңгенің 76 жобасы жүзеге асырылуда. Осы жылға дейін 225,7 млрд. теңгенің 48 жобасы жүзеге асырылған еді. Ал ағымдағы жылы 9,7 млрд. теңгенің 10 жобасы жүзеге асырылатын болады. Олар тауарлардың экспорттық әлеуетін арттыруға және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына септігін тигізетін жобалар болады.

402 рет қаралды

Пікір жазу