"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО – ДА 10 ДЕНСАУЛЫҚ НЫСАНЫ САЛЫНҒАЛЫ ОТЫР

Жұма, 08 Сәуір 2016 12:23

 

Оңтүстік Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында денсаулық сақтау басқармасы мақсатты индикаторларға қол жеткізді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде облыс халқының саны 6%-ға, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 3%-ға өскен. Бұл туралы кеше ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев мәлімдеді.

Сонымен қатар басқарма басшысы өз баяндамасында биылғы жылы бекітілген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында ауруды ықпалдастыра басқаруды енгізу, сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және алғашқы деңгейде медициналық көмек көрсету көзделгенін атап өтті. Ал медициналық көмекті ықпалдастыру ұстанымы негізінде облыста жол картасы жасалынып отыр. Онда 6 бағытқа басымдық берілуде. Олар ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті инфаркт миокарды, жіті ми қан айналымы, қатерлі ісік, түрлі оқиғалар (жол апаты, улану, т.б.), туберкулез.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 10 жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл Шымкент қаласындағы облыстық онкологиялық және туберкулезге қарсы диспансер, №9, 11 Шымкент қалалық емханалары мен Мақтааралдағы аудандық емхана және басқа да денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүрмек. Брифингті қорытындылаған басқарма басшысы С.Пакеев медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүйелі шаралар жүзеге асырылатынын айтты.

390 рет қаралды

Пікір жазу