17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОҚЫТЫЛУДА

Дүйсенбі, 11 Сәуір 2016 07:01

 

Жамбыл облысында 869 мемлекеттік қызметкерді оқытумен қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте  Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлім етті.
«Облыста Ұлт Жоспарының 5 бағыты бойынша нақты іс-шаралар жоспары бекітілген. Арнайы медиа-жоспар әзірленіп, ақпараттық-түсіндіру  жұмыстары жүргізілуде»,-деп тоқталды өңір әкімі.

Бірінші бағыт - кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша жұмыс «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң аясында жүргізілуде (1-15 қадам).
«Жыл басынан бері облыс бойынша төменгі лауазымдарға 4 жалпы конкурс  жарияланды. Аяқталған  конкурстар  нәтижесінде 52 адам сынақ мерзімін өтуде.Облыста бірыңғай конкурстық комиссиялар және персоналды басқару қызметтері құрылды. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 5195 бірлікті құрайды, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда - 2747 бірлік (саяси мемлекеттік қызметші - 6, әкімшілік «А» корпусы - 16, әкімшілік «Б» корпусы - 5173)»,-деді ол «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының өңірлік деңгейдегі орындалу барысын баяндау кезінде.

Атап айтқанда, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» бекітілді. Әдістемеге сәйкес «Б» корпусы қызметкерлерінің 2346 жеке жоспары құрылды және «А» корпусының қызметкерлері жұмыстарының басымдықтары туралы 11 келісім жасалды.
Мұнымен қоса, облыс әкімдігінде  мемлекеттік органдардың қадр қызметтерімен тығыз байланыста болатын Әдеп жөнiндегi өкілетті өкіл  лауазымы енгізілді, тәлімгерлер кеңестері құрылды.
Мемлекеттік қызметшілерді ротациялаудың   2016-2018 жылдарға арналған жоспары бекітілді.  Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында 42 млн. теңге қаражат қарастырылған. 869 мемлекеттік қызметшіні оқытумен қамту жоспарлануда. Өткен тоқсан ішінде 225 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті немесе 26% (оның ішінде 165 адам (30,2%) біліктілігін арттыру және 60 адам (18,6%) қайта даярлау курстарынан өтті»,-деді Кәрім Көкірекбаев.

413 рет қаралды

Пікір жазу