13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА КҮННЕН ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ӨНДІРЕТІН СТАНСА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

Дүйсенбі, 11 Сәуір 2016 07:58

 

Оңтүстік Қазақстан облысында тау бөктерінен құлай аққан өзен сулары да кәдеге жарап жатыр. Ағыны қатты Өгем мен Ақсу және Келес пен Қасқасу өзендерінің бойынан бірнеше шағын су электр стансасы салынуда. Одан бөлек өңірде күн көзінен қуат алатын 2 стансаның құрылысы басталмақ. Оның бірі Бәйдібек ауданынан, екіншісі Түркістан қаласының аумағында бой түзеді. Өкпек жел де пайдаға асады. Одан бөлек Шардара су электр стансасы құрылымдаудан өткізіліп жатыр. Оның қуаты 26%-ға артады. Ал Шымкенттегі үшінші энергоорталық та қосымша қуат өндіруде. Мұның барлығы өңірдегі электр энергиясына деген тапшылықты жояды. Облысқа қазір қажетті 400-420 мегаваттың 60%-ын шеттен тасымалдайды. Қалған 40%-ын жергілікті жерде өздері өндіреді. Энергетиктер болашақта бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Облыста баламалы қуат көзін өндіру мақсатында осындай ірі 28 жоба жүзеге асырылып жатыр екен. Шалғай ауылдарға тартылған электр желілері толықтай жаңғыртылады. «Бұл Елбасы ұсынған Ұлт жоспары - «100 нақты қадамда» айтылған қуат көзін үнемдеп қана қоймай, оның бағасын тұрақтандырып, осы салаға инвестиция тартуға да мүмкіндік береді», - дейді энергетиктер. Марғұлан Марайым, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы: - Мына су электр стансаларын кіші су электр стансаларын салуға байланысты нақты бірнеше жоба қазіргі таңда іске асырылып жатыр. Ол таулы аймақтағы Ақсу өзенінің бойы мен Қасқасу өзенінің бойында бірнеше кіші электр станса салуға байланысты жұмыстар атқарылып жатыр. Олар біздің облыстың ішкі өндірістік дефицитін азайтуға үлесін қосады деп отырмыз.

24 kz

500 рет қаралды

Пікір жазу