11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АҚСУ ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН БОЛДЫ

Сейсенбі, 12 Сәуір 2016 06:08

 

Алматы облысындағы тоқтап қалған қант зауыттарының тағы бірі қайтадан іске қосылатын болды. Ақсу қант зауытының 10 жылға жуық уақыттан бері тоқтап тұруы өңірдегі қант қызылшасын өсірушілердің жұмысына едәуір кедергі келтіргені жасырын емес. Енді жағдай өзгеретін болады. Жергілікті билік мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Ресей және Украин компанияларымен өзара келісім жасасты. Зауытты қайта жаңғыртуға 8 миллиард теңге жұмсалады. Кәсіпорын келесі жылғы қыркүйек айында толық пайдалануға беріледі. Мамандардың айтуынша, жобаның іске асырылуы жаңа жұмыс орындарын көбейтумен қатар өңірдегі Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға айтарлықтай ықпал етеді. Айта кетейік, Ақсу қант зауыты кезінде 1,5 мың адамның басын біріктірген бірегей кәсіпорын болған және тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өңдеуден өткізген. Бұл – Көксу қант зауытының қуатынан екі есе жоғары деген сөз. Жетісулықтар 2020 жылға дейін қант қызылшасы алқаптарының көлемін 13 мың гектарға жеткізбек. Тәтті түбір аймақтағы Көксу, Ақсу және Қарабұлақ қант зауыттарында өңделеді. Сөйтіп елімізге сырттан әкелінетін қанттың үлесі 90 пайыздан 30 пайызға дейін төмендейтін болады. Марат Асанов, «Жетісу» ӘКК департамент директоры: - Зауыттың қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелердің кейбірі анықталды. Енді жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Сосын құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі. Кәсіпорын келер жылдың қыркүйек айында қант қызылшасын қабылдауға толық дайын болады.

 

24.kz

483 рет қаралды

Пікір жазу