15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Бейсенбі, 14 Сәуір 2016 15:27

 

Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриялық аймағында асфальт шығаратын жаңа зауыттың құрылысы басталды деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Зауыт  2016 жылға өндірістік жоспары бойынша ірі түйірлі асфальттан 7 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алған жылына 30 мың тонна асфальт шығаруды көздеп отыр. Болашақта 21 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап қойған өндіріс орны мемлекеттік акт алғаннан соң толықтай іске қосылатын болады. Кәсіпкер Жалшыбек Шүменов жаңа жобаны жүзеге асыру отандық өндірістің дамуына жаңа серпін беріп, жаңа жұмыс орнын ашуға және дағдарысты кезеңде ҚР экономикасына көмектеседі деп сенеді.

Еске сала кетейік, фосфор зауыты аумағындағы ОҚО индустриялық аймағы 2010 жылы құрылған болатын. Оның ауданы 337 гектарды құрайды. Мұнда жалпы сомасы 74 173 млн. теңгенің 71 жобасы  жүзеге асырылуда, 39 жоба қазірдің өзінде іске қосылды.

430 рет қаралды

Пікір жазу