"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА "МӘҢГІЛІК ЕЛ" ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Сенбі, 23 Сәуір 2016 08:01

 

Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Е. Манжуов мырза өңірдегі «Біртектілік пен бірлік» реформасын іске асыру барысы туралы брифингте баяндама жасады.

Құрметті журналистер! 

"Өткен жылдан бастап елімізде Елбасының Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын жақсы білесіздер.
Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыру бойынша «100 қадам – Ұлт жоспары» Қазақстанның жаңа деңгейде және жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 


Сіздерге  4-ші реформаны іске асыру бойынша облыста атқарылған іс-шаралар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Біртектілік пен бірлікті қамтамасыз ету бағыты бойынша жұмыс (85-90 қадамдар) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында іске асырылуда.
(88 тармақ) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға ілгерілету мақсатында әзірленген облыстық «оқиғалар қатары» және жұмысшы мен техникалық мамандықтар беделін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өңірлік жоспары әзірленіп бекітілді.

Олар бойынша үстіміздегі жылы облыстық деңгейде 48 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5300 астам адам қамтылды.
Олардың қатарында «Әлемнің әміршісі - Еңбек» атты облыстық еңбек форумы, «Ашық турникеттер күні» акциясы аясында колледж студенттерінің Тараз қаласындағы ірі кәсіпорындары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің жұмыс барысымен танысуы, оқу орындарында еңбек ардагерлері мен табысты кәсіпкерлердің жастармен кездесулері,  ІІ Республикалық «Еңбек жастарының» спартакиадасы, ірі өндіріс орындарына ұйымдастырылған 18 экскурсия және т.б. іс-шаралар.

 


(90 тармақ) Бес институционалдық реформаны, сондай-ақ қазақстандық бірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» жоспарын іске асыру жөніндегі 2016 жылдың I жартыжылдығына арналған медиа-жоспар бекітілді.
Жоспарда облыс әкімдігінің басқармалары басшылары мен аудан әкімдері, ЖОО ректорлары, кәсіпкерлер палатасы мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері және барлық мемлекеттік органдар қамтылды.
«Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанын өңірлік деңгейде іске асыру бойынша маманданған журналистер мен блогерлер пулы жасақталды.
Сонымен қатар, «Болашағы біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанын жариялау бойынша жергілікті мерзімді басылымдарда, облыстық телеарнада аймақтағы қоғамдық пікір көшбасшыларының, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің, саяси партиялар, мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатарынан сөз сөйлеушілер тізімі әзірленді.

Облыстық басылымдарда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес халықтық реформа- ұлттық жасампаздық жоспарының» IV реформасын ақпараттық қамту және ілгерілету бойынша «100 нақты қадам» мақалалар топтамалары тұрақты түрде жарық көруде.
Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы арқылы «Ел бірлігі - жарқын болашақ кепілі», «Қазақстан әр қадамын нық басатын, мүмкіндігі мол мемлекет», «Бірлігіміз жарасқан», «Елбасымен бірге жарқын болашаққа» атты, т.б сюжеттер көрсетілуде.
Жалпы,  2016 жылы жергілікті мерзімді басылымдарда 195, облыстық сайттарда 112 материал жарияланып, облыстық телеарнадан 187 сюжет көрсетілді. Оның ішінде облыстық басылымдарда 109, аудандық, қалалық басылымдарда 86 материал жарияланды.
Жыл басынан бері Елбасы Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша облыс әкімдігінің басқармалары басшылары мен аудан әкімдерінің қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметінде 39 брифинг өтті.

Енді Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің жоспарымен таныстырып өтейін.

«Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізудің Тұжырымдамасы қабылданды. Өңірде мерекені өткізу жөніндегі облыстық жұмысшы топтың және ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралардың жоспары әзірленді (облыстық деңгейде 380 іс-шара).
Тұжырымдамаға сәйкес әр айдың өз ерекшілігі бар. Мысалы, қаңтар айындағы іс-шараларға «Кәсіби және тиімді мемлекет» тақырыбына басымдылықтар берілген, ал ақпан айы - «Салауатты Ұлт. Спорттық Қазақстан», наурыз айы - «Болашағы біртұтас Ел. Ұлы даланың дәстүрлері», сәуір айы - «Зияткерлік ұлт. Нұрлы болашақ» сияқты т.б. тақырыптар.
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «дөңгелек үстел» отырсытары, зиялы қауым өкілдерінің жастармен кездесулері, жастар акциялары, қайырымдылық акциялары және т.б. іс-шаралар арқылы еліміздің қол жеткізген жетістіктері паш еткізілуде.
Мерекелеудің шарықтау шегі 21 қараша бастап - 15 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын болады.

Еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері  25 жұлдызды күн аясында халыққа кеңінен жеткізілетін болады. Мәселен, 22 қараша мемлекеттік рәміздерге, 26 қараша азаматтық қоғамға  арналатын болса, 28 қараша күні ұлттық валютаға, 2 желтоқсан отбасылық құндылықтарға, 4 желтоқсан спорттық жетістіктерге бағытталатын болады.
Бүгінде облыста оқиғалар қатарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» Пойызы» жалпы республикалық акциясы, «Большая страна – большая семья», «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты акциялары, Тараз қаласы мен аудандарда «Жаңа кәсіби стандарт» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырыстары, «Нұр Отан» партиясының «25 қайырымды іс» акциясы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған облыс әкімдігі басқарма басшыларының жастармен кездесулері барлығы 96 іс-шара (облыстық деңгейде) ұйымдастырылып, 14 мыңнан астам адам қамтылды.

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуді кеңінен ақпараттық сүйемелдеу мақсатында электрондық және баспа БАҚ-тарда арнайы айдарлар мен тараулар ашылып, мақалалар, хабарлар, мерекелік бағдарламалар шығарылуда. Жергілікті «Қазақстан-Тараз» телеарнасынан Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Елбасының  рөлі, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы бейне және аудиороликтердің көрсетілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыста мемлекеттік әлеуметтік шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша үкіметтік емес ұйымдардың 13 әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

714 рет қаралды

Пікір жазу