16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖҮРЕГІ»

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016 09:11

 

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Б.Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облысының туризм саласы бойынша кеңінен тоқталып, аймақта туризм кластері құрылатынын, сол арқылы Күнгейдің «Ұлы Жібек жолының Жүрегіне» айналатынын хабарлады.

Атап айтқанда, кластерге – Түркістан зиярат орталығы, ежелгі Отырар мен Сарыағаш шипажайы, «Ақсу-Жабағлы» мен «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлтттық табиғи паркі кіріп, кластері орталығы – Шымкент қаласы болмақ.
«Өткен жылдың өзінде Түркістанға 1 млн.ға жуық туристің келгенін ескерсек, біздің өңірдің туризм саласы бойынша елімізде көшбасшы өңірге айналуына мүмкіндігі бар», - деді Б.Атамқұлов.

 

 

Аймақ басшысы осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда бүгінгі таңда облыстың «Ontustik» туризм бренді қалыптасып, «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы құрылғанын хабарлады. Сонымен бірге, аймақ басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысы аясында алдыңғы қатарлы туроператорлармен меморандум түзіліп, шетелдік және отандық туроператорлардың туристік бағыттарының таныстырылымы бойынша жұмыстардың жүріп жатқанын жеткізді.

 

 

Бүгінгі брифингте өңір басшысы Б.Атамқұлов сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында индустриаландыру бағдарламасын іске асыру аясында 164 жоба жүзеге асты. Онда бүгінгі таңда 14 мың адам жұмыспен қамтылған деп хабарлады.
«Өнеркәсіп нысандарының құрылысын салу аясында соңғы алты жылда облысқа 229 миллиард теңге инвестиция тартылды», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, бірінші бес жылдықта Күнгейде құны 184 миллиард теңге болатын 137 жоба іске асқан. Ал екінші бес жылдықта сомасы 869 миллиард теңгені құрайтын 115 жоба жүзеге асырылып, 20 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде. 
Сонымен қатар, облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриялық аймақ құрылып, жалпы аумағы 525 га құрайтын 6 индустриялық аймақ іске қосылды. Онда 143 жоба іске асырылып, 11,4 жұмыс орны ашылмақ.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

395 рет қаралды

Пікір жазу