"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДА 6 ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016 16:19

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлт жоспарының орындалу барысын баяндаған өңір басшысы Б.Атамқұлов мәлім етті. Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай республикадағы өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың жартысына жуығы біздің облысымыздың үлесінде.

Облыс әкімінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда фармацевтика кластері қалыптасуда. Бүгінде индустрияландыру картасы шеңберінде фармацевтика саласында  6 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен,   «Химфарм» Акционерлік Қоғамында жалпы 100 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 кезеңнен тұратын жоба жүзеге асуда. Бүгінде бірінші кезеңі іске қосылып отыр. Ол 40 млн. АҚШ долларын құрайтын «Инъекциялық және инфуззиондық қоспаларды өндіру цехы».

Нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылды. Ал осы жылы құны 10,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ұнтақты антибиотиктерді өндіру цехының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.Бұдан бөлек, таблеткалар өндірісі және қан жинайтын контейнер өндіретін 2 зауыттың құрылысы басталды. Бүгінде ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыттың іске қосу жұмыстары аяқталуда. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – фармацевтикалық профилдегі мамандармен нарықты қамтамасыз ететін кадрларды дайындайтын, Қазақстандағы жалғыз фармацевтикалық жоғарғы оқу орны болып табылады. Онда 35 жыл ішінде 5 мыңға жуық провизорлар мен фармацевтер дайындалады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

285 рет қаралды

Пікір жазу