14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ КӨШІП-ҚОНУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсенбі, 27 Сәуір 2016 16:20

 

Мемлекет басшысы арта түскен демографиялық дисбаланс жаңа                       көші-қон толқындарын қалыптастырып, әлеуметтік шиеленісті күшейтетінін атап өткен. Қазірге кезде, ішкі көші-қон мәселесінде еңбек ресурстары мен демография жағында оңтүстік пен солтүстік аймақтар арасында теңсіздік орын алып келеді. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін  республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. 

 

 

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары  мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдері арасында өзара ынтымақтастық Меморандумдар түзілді. Облыста халқы тығыз орналасқан аудандармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстар жүргізілді, арнайы жұмыс тобы құрылып іс-шаралар жоспары бекітілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде: 800 астам отбасы еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірсе, 50 отбасы халқы тығыз аудандардан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысынан  107 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, 20 отбасы (75 отбасы мүшесі) Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан тұрғын үй алып, отбасының барлық жұмысқа жарамды азаматтары жұмысқа орналасты. Бағдарламадан бөлек Шығыс Қазақстан облысына 100-ден аса Оңтүстік Қазақстандық қоныс аударды.

Елбасының берген тапсырмасын тағы да жандандыру мақсатында халқы тығыз орналасқан облысымыздың Сарыағаш, Мақтарал аудандары мен Шымкент қаласында 2016 жылдың 27-29 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкелері мен «Серпін» бағдарламасы аясында жастармен кездесулер ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараға республикамыздың 4 облысынан 41 мемлекеттік органдар мен оқу орындарының жауапты тұлғалары және жұмыс берушілерілер өкіл ретінде қатысу жоспарлануда (Солтүстік Қазақстан – 12 адам, Павлодар – 12 адам, Қостанай – 9 адам, Шығыс Қазақстан – 8 адам).
27 сәуірде Мақтарал ауданында, 28 сәуірде Сарыағаш ауданында,                       29 сәуірде Шымкент қаласында шаралар өтіп, облыс әкімдігінде 4 облыстың делегация басшыларының қатысуымен шаралардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтетін болады.
Кездесу соңында еліміздің Солтүстік Қазақстан облысына көшуге ниет білдірген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізу көзделуде.
Ішкі көші қонды реттеу және Солтүстік өңірлерге қоныстандыру мен «Серпін» бағдарламасын насихаттау жұмыстары Мақтаарал ауданынан басталды. Облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков аталған іс-шараны ашып, көшуге ниетті аудан тұрғындарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ жергілікті халық Солтүстік өңірлерден келген өкілдермен сұхбаттасып, ұсынылып отырған бос жұмыс орындарымен танысты.

580 рет қаралды

Пікір жазу