16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бейсенбі, 28 Сәуір 2016 10:23

 

Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен түрлі салада тер төккен еңбек ардагерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті. Аудан әкімі А.Мамытбеков басқосу барысында атқарылған жұмыс пен алда межеленген жоспарларға тоқталды. Жиын аясында ақылдастар алқасы құрылып, елдің ынтымағы мен бірлігін сақтау, ауданның экономикасын көтеруді жалғастыру, жақсарту, халықтың әлеуметтік деңгейінің өсуіне оң ықпал ететін жолдарды қарастыру мәселелері қозғалды.
Алдағы уақытта, ақылдастар алқасының арнайы жоспары түзіліп, кеңес отырыстары жүйелі түрде өткізілетін болады. Сонымен қатар, ақылдастар алқасына мүше боламын деуші азаматтардың ұсынысы осы алқа отырыстарында қаралып, қабылданады.

 

 

Еңбек ардагерлері: Қ.Әріпбаев, Ә.Байбосынов, Г.Дәнешұлы, М.Сағымбеков, Р.Битуғанов, Т.Балабекұлы Ордабасы ауданының қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне еселі еңбек сіңірген азаматтар ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ бұл бастаманың дер кезінде жүзеге асқанын атап өтті.

Алқа мүшелігіне кандидаттар ұсынылып, дауысқа салу арқылы тағайындалды.

Алқа мүшелері аудан тұрғындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, түйткілді мәселелерді шешуге ықпал жасамақ. Жастар тәрбиесіне, отбасылық құндылықтардың сақталуына, ұлттық салт-дәстүрлердің тиісті деңгейде дәріптелуіне қажетті деңгейде көңіл бөлінуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруде ақылдастар алқасына артылар жауапкершілік мол. «Келісіп пішкен тон келте болмас!» демекші, алқа мүшелерінің ұсыныстары аудан әкімі тарапынан үнемі назарға алынатыны да айтылды.

Бүгінгі күннің басты тілегі де, мақсаты да - аудан экономикасының артуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына билік пен халық күшін біріктіру.

512 рет қаралды

Пікір жазу