"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕН 10 МЫҢ ТОННА АЛМА ЭКСПОРТТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Сейсенбі, 03 Мамыр 2016 14:00

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында 2 мың тонна жемісті қайта өңдеуден өткізіп, 1,5 мың тонна жеміс-жидекті мұздатып және сақтайтын кептіру кешені ашылмақ. Мұндай келісім «Ontustik Invest 2016» халықаралық форумы аясында ОҚО әкімдігі мен «Александровский сад» ЖШС-і арасында жасалды. Қойма Мақтарал ауданының индустриалды аймағынан ашылмақ. Жалпы құны 600 млн. теңге болатын жоба іске асқанда мұнда өндірілген өнімнің 70 пайызы ішкі нарыққа жіберіліп, 30 пайызы шетелге экспортталмақ.

Сонымен қатар, форум кезінде «Александровский сад» ЖШС мен Түркияның «Almaty Teknik Tarim» ЖШС-нің арасында да қарқынды бауды 100 гектарға дейін ұлғайту мақсатында, өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді. Тамшылатып суару технологиясын пайдалану арқылы қарқынды бауды дамыту жобасында жылына 10 мың тонна алма алу жоспарланып отыр. 100 адамды жұмыспен қамтуды мақсат еткен жобаға 2,2 млрд. теңге қаражат жұмсалмақ. Болашақта жеміс-жидектің 70 пайызы ішкі нарықты, 30 пайызы сыртқы нарықта қамтамасыз етеді делінген жоба 2018 жылы іске қосылады деп күтілуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

373 рет қаралды

Пікір жазу