"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОБЛЫС ӘКІМІ ШЫМКЕНТТІҢ АГЛОМЕРАЦИЯСЫН ҚҰРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАРЫСЫН ТЫҢДАДЫ

Сәрсенбі, 11 Мамыр 2016 16:05

 

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен қала әкімдігінде Шымкент қаласының агломерациясын құру жөнінде жиын өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар: Шымкент қаласының агломерациясын құру; облыс орталығын индустрияландыру; Шымкент қаласының Бас жоспарын Агломерация бағдарламасымен сәйкестендіру. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

 

 

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың агломерациялық аумақтар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасарлары Д.Сатыбалды мен С.Тұяқбаев өз салалары бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың ретін баяндаса, қала әкімі Ғ.Әбдірахымов ҚР Үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жоспарланған жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ, шаһар басшысы қала бюджетінің өткен жылмен салыстырғанда 22 млрд. теңгеге артып, 105 млрд. теңгеге толыққанын жеткізіп, бұл істе облыс әкімінің зор ықпал жасағанына алғысын білдірді. 

 

 

Өз кезегінде, өңір басшысы шаһар агломерациясын құруды Астана мен Алматының тәжірибелерін пайдаланып, қала басшылығымен бірлесу арқылы бірқатар жұмыстарды жандандыру бойынша тапсырмалар берді. Атап айтқанда, аймақ басшысы агломерацияны дамытуда әрбір елді-мекеннің нақты функциясын ескеру қажеттігін, ең бастысы, Шымкент тұрғындарына қолайлы болуын ескертті. Сондай-ақ, ол Шымкентте «ІТ хаб» жүйесін құру қажеттігіне тоқталып, оны мектеп бағдарламасына енгізу керектігін жеткізді. Ал қалаға инвестиция тарту мәселесінде Б.Атамқұлов барлық жұмыстарды ширатуды ескертіп, бірталай жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан Қорғасын зауытының мәселесін алдағы бір ай ішінде жолға қоюды тапсырды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

435 рет қаралды

Пікір жазу