11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҢТҮСТІКТЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТҚА ДЕН ҚОЙЫЛУДА

Бейсенбі, 12 Мамыр 2016 13:09

 

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Астана қаласындағы ЕҰҚК Орталығымен бірлесіп, Шымкент қаласында «Саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Жиынға Ұлттық комиссия төрағасының орынбасарлары Елена Тарасенко, ҚР Ұлттық сайлау комиссиясының мүшесі Ляззат Сүлеймен мен жергілікті гендерлік комиссия мүшелері қатысты.
Семинарды ашқан Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков семинар-тренингке қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірімізде гендерлік саясат жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Әлеуметтік саясатты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарын жетілдіруде гендерлік аспектілерді қолданудың кешенді тәсілдерін үйретуді мақсат тұтқан шарада халықаралық  тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілер тренер қызметін атқарды.
Өз кезегінде, Елена Тарасенко Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тапсырмасын орындау мақсатында кең ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанына тоқталып, саяси құжаттағы міндеттерінің бірі - мемлекеттік қызметті қайта қалыптастыру мақсатында қоғамдық-саяси және экономикалық салаларға әйел азаматтарын барынша тарту қажеттігін жеткізді.
Айта өтейік, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат принциптері негізінде құрылған мемлекеттік қызметте әйелдер белсенді еңбек етуде. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігін, яғни, 55 пайызын әйел азаматтары қамтыса, Оңтүстік Қазақстан облысының өкілетті билік органдарында нәзік жандылардың үлесі 5,2 пайызды құрайды.
Мұнан соң, Ұлттық комиссия басшылары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесіп, әйелдердің жұмыспен қамтылу, жаңа мүмкіндіктер жағдайында әйелдерді экономикалық және саяси ілгерілету мәселелері туралы, кәмелетке толмаған қыздардың әдеп ұстанымы және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша мүдделі органдардың қарым-қатынастары сияқты тұстарды талдап өтпек. Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында комиссия басшылары облыстық балалар ауруханасы мен әйелдерге арналған әлеуметтік нысандарды аралайды деп күтілуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

365 рет қаралды

Пікір жазу