"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«TURKESTAN 2016» ФОТОЭКСПЕДИЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Сенбі, 14 Мамыр 2016 12:21

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкенттегі облыстық көркемсурет галереясында «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жобасы аясында халықаралық «TURKESTAN 2016» фотоэкспедициясы басталды.

Жоспар бойынша, ең алдымен, елімізге белгілі фототілші, Қазақстан журналистер одағының мүшесі – жерлесіміз Шүкір Шахайдың «Шүкір Шахай – 50» және «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі ұйымдастырылды.

 

 

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған халықаралық экспедиция биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы жылы Хан Тәңірінің баурайында, екінші жылы Ұлытауда, былтыр Жамбыл облысында өткізілген дәстүрлі жоба биыл өзімізде жалғасын тауып отыр.
Үш күндік шара аясында фототілшілер Отырар, Түркістан, Ордабасы және Түлкібас аудандарындағы тарихи жерлерді аралап, Түлкібас ауданындағы Ақсу Жабағылы қорығында болады деп жоспарлануда.

 

 

Еліміздегі, оның ішінде облыстағы тарихи орындарды аралап, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасынан фотошежіре құрастыру арқылы, келешек тарихқа үлкен мұра қалдыруды көздейтін экспедицияға елімізге белгілі 20 шақты фототілші қатысуда. 

 

 

Айта өтейік, «Тәуелсіздік тағылымы» атты ұлттық жобасы «Ел мақтаныштары» фотокөрмесі, «Turkestan - 2016» Халықаралық фотоэкспедициясы, «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауы және «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауы сынды шаралардан тұрады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

339 рет қаралды

Пікір жазу