17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ АУМАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАРДАН ТАЗАРТЫЛУДА

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016 14:33

 

ОҚО аумағында заңсыз құрылыстармен күресу жоспарына сәйкес, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі берген талап арыздар сотпен қаралып, заңсыз нысандарды бұзуға шешімдер қабылданып жатқаны белгілі.

Осыған байланысты «Шымкент қалашығы» тарихи ескерткішінің аумағына заңсыз құрылыс жүргізген қала тұрғындары А.Адильбекова мен Г.Курбановаға тиесілі құрылыс нысандары бұзылды.

Аталған азаматтар салған ғимараттар ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және ҚР жер заңнамасына сәйкес, қажетті рұқсат құжаттары алынбай өз бетімен бой көтерген болатын.

Айта кеткен жөн, тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда құрылыс жүргiзуге тыйым салынып және шектеу қойылған.

Мұнан бөлек, бүгінгі таңда, басқарма мамандарымен 200-ге жуық нысанның заңдылығы зерделенуде. Егер аталған нысандар сот шешімімен заңсыз деп танылса, құрылыс нысандары бұзылатын болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

375 рет қаралды

Пікір жазу