16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ЖАСТАРДЫ ЗИЯНДЫ ӘРЕКЕТТЕРДЕН АЛЫСТАТУ ЖИЫНДАРЫ ӨТТІ

Жұма, 20 Мамыр 2016 11:10

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы жоғары оқу орындары мен білім мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде кездесу өтті.

Жиынға құқыққорғау саласының мамандары мен облыстық денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты, дін істері басқармасының мамандары қатысты.

Мыңға жуық оқушы, студенттердің қатысуымен өткен жиында құқықбұзушылық пен ерте жүктіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру жайы айтылды. Сондай-ақ, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағыттары түсіндірілді.

Отырыс барысында жастарға арнайы бейнефильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, есірткіге қарсы зиянды әдеттерден сақтау мен террористік актілерді болдырмау жөніндегі журналдар мен кітапшалар таратылды.
 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

395 рет қаралды

Пікір жазу