14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЗИЯЛЫЛАР ТҮРКІСТАНДА БАС ҚОСТЫ

Жұма, 20 Мамыр 2016 11:12

 

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де тарихи жиын өтті. ЮНЕСКО-ның осы жылды «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған басқосу «XX Халықаралық түркі әлеміне еңбегі сіңген тұлғаларды марапаттау» рәсімімен басталды.
Содан соң, «Түркі тілдес республикалардың Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты ғылыми шараға ұласты.

 

 

Бұған дейін Кипр мемлекеті, Баку қаласы, Македония елі , Нью-Иорк және Бішкек сияқты қалаларда шымылдығы түрілген дәстүрлі жиын Түркістанның төрінде жүздеген түрлі мемлекеттерден келген зиялы қауымның басын қосты.
Түркі тілді марапат иелерінің ішінде ізгі құрметке ие болған- Әлем және Түркі халықтарының ақыны, жазушы О.Сүлейменов пен жазушы, М.Байғұт та бар.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

434 рет қаралды

Пікір жазу