15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ ҚОРҒАСЫН ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ

Сәрсенбі, 25 Мамыр 2016 14:41

 

Өңір басшысы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында көшпелі жиын өткізді. Аталған кәсіпорын ең алғашқы қорғасынды 1934 жылы өндірген. Жалпы ауданы 120 га болатын ескі өнеркәсіп орнының ғимараттары бүгінгі таңда жартылай қирандыға айналған.

Облыс әкімі аталған аумақта кәсіпорындар мен жобалар құрып, зауыт маңын барынша пайдалану үшін облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық және туризм басқармасына және қала жетекшілігіне бір ай мерзім ішінде ұсыныс енгізуге тапсырма берді. Сонымен қатар, ондағы инфрақұрылымды, теміржол стансасын, электр стансасын, кәріз жүйесі сынды өзге нысандарды барынша кәдеге асыруды жүктеді. 

 

 

Еске салайық, КСРО кезеңінде өндірілген қорғасынның 70 пайызы аталған өнеркәсіп орнының үлесінде болатын. Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистерге атылған үш оқтың екеуі Шымкенттен шыққан қорғасын металынан дайындалған.

Айта өтейік, «Южполиметалл» АҚ мен Форте Банк арасында 2011 жылдан бері сот процестері жүруде. Қаржылық қарызы 85 млн. АҚШ доллары болатын зауыттың мәселесін шешу үшін банкпен арада тиісті келіссөздер жүргізілуде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

501 рет қаралды

Пікір жазу