27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШТА 600 ГЕКТАР СУАРМАЛЫ ЖЕР ҚАЙТА АЙНАЛЫМҒА ҚОСЫЛМАҚ

Сейсенбі, 31 Мамыр 2016 09:08

 

Сарыағаш ауданын көкөніс өсірудің орталығына айналдыру мақсатында аудандағы 7 канал мен қашыртқыға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 112 шақырымды құрайтын су арналары мен қашыртқыларының жұмыстарына облыстық және жергілікті қазынадан 1 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған.

Атап айтқанда, Сарыағаш қаласынан өтетін Рамадан каналы (6,4  шқ.), Қызылжар ауылдық округінен өтетін «47-тармақ» каналы (10 шқ.) күрделі жөндеуден өтсе, Құркелес ауылдық округіндегі «Р-4-3» каналы (1,1 шқ.) мен Жартытөбе (16 шқ.), Ұшқын (16 шқ.), Жүзімдік (4 шқ.) және Бірлесу (58,5 шқ.) ауылдық округтеріндегі каналдар мен қашыртқыларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 

 

 

Аталған су шаруашылығы жүйелерінің 16,4 шақырымы бетонмен қапталса, 95,1 шақырымдық каналға механикалық тазалау жұмыстары жасалынбақ.

Жоспарлы жұмыстар күз мезгіліне қарай аяқталған соң, аудандағы 600 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, көлемі 3,4 мың гектар болатын суармалы жердің ағын сумен қамтамасыз етілуі жақсармақ.
Сонымен қатар, 600 тұрақты, 1200 маусымдық жұмыс орны ашылып, жылына құны 558 млн.теңге болатын ауыл шаруашылық өнімі қосымша өндірілетін болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

354 рет қаралды

Пікір жазу