"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 223 МЛРД ТЕҢГЕГЕ 164 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛҒАН

Бейсенбі, 02 Маусым 2016 05:07

 

Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өндірісінің өсімі жөнінен өңірлер арасында көшбасшылар қатарында тұр. Соңғы 6 жыл ішінде индустриаландыру картасы аясында облыста 223 млрд теңгеге 164 жоба іске асырылып, 13 мың адам тұрақты жұмыс тапқан. Бұл мәлімет Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Оңтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде айтылды. Министр өңірдегі индустрияландыру және «Нұрлы жол» бағдарламаларының жүзеге қалай асып жатқанымен танысты. Арнайы экономикалық аймақтағы кілем шығаратын, шұлық тоқитын фабрикалардың жұмыс ырғағын, өндіріс барысын кәсіпорынды аралап жүріп көрді. Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриалды аймақ бар. Олар өңірдегі өндіріс орындарының көптеп ашылып, тез жұмыс бастап кетуіне көп ықпал етті. Шымкенттегі сол аймақтарға деген сұраныстың жоғары болуынан жаңадан тағы екеуін іске қосты. Алғашқы салған «Оңтүстік» индустриалдық аймағында 162 жоба жүзеге асқан. Мұхтар Тұрабеков, «Оңтүстік» индустриалды аймағының бас директоры: - Соңғы 5 жылда 4,5 млрд теңге үкіметке салық ретінде төлеген. Ол деген сөз инфрақұрылымға бюджеттен инвестиция ретінде 6,7 млрд теңге құйылған болса, ол 67%-ын мемлекетке салық ретінде қайтарып отыр.

360 рет қаралды

Пікір жазу