"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

СОЗАҚТЫҚТАРҒА ИГІ ШАРА ЖАСАЛДЫ

Бейсенбі, 02 Маусым 2016 15:36

 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында балалар мерекесіне орай, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цех ашылды. 

Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мақсат Исаев барша балаларды мерекемен құттықтап, басты мақсат-қолынан іс келетін  мүмкіндігі шектеулі жандарды барынша жұмыспен қамтып, шығарылған өніммен өндіріс орындарын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

 


 

 

Аталған цехтың жұмысын жандандыру үшін, «КАТКО» ЖШС-гі тігін машиналарын, «Инкай» ЖШС-гі шаштараз бен етікші  жабдықтарын алуға демеушілік көрсетіп, он екі  тігін, бір қолғап машинасы алынды. Қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген цехта қазіргі таңда 14 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысын бастады. Шаштараз, етікші, тігінші сынды мамандар қазірдің өзінде аудан халқына қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта жұмыспен қамтылатын мүгедек жандардың саны 25- 30 адамға дейін жетіп, қосымша, компьютер жөндейтін, пластик терезе шығаратын қызмет көрсету түрлері де іске қосылады деп күтілуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы цехтан тігілген киімдерді, Қазатомпром АҚ қарасты уран өндіретін компаниялар тұтынатын болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

419 рет қаралды

Пікір жазу