13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

Бейсенбі, 02 Маусым 2016 15:40

 

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысында төрт балабақша мен бір емхана ел игілігіне берілді.
Атап айтқанда, мереке күні Шымкент шаһарында үш бөбекжай балаларға есігін айқара ашты. Оның бірі, қаладағы №62 «Ботақан» балабақшасы болса, екіншісі – «Тараз» шағын ауданындағы №60 «Тараз» балабақшасы. Ал үшінші мектеп дейінгі мекеме - «Нұртас» шағын ауданындағы №61 балабақша.
Заман талабына сай жабдықталған бұл бөбекжайлардың барлығы да 320 орындық. Мектепке дейінгі мекемелер балаларға арналған ойын бөлмесі, асхана, ән, би, музыка залы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залдары және әр топқа арналған ойын алаңшаларымен қамтылған.

 

 

Сонымен қатар, мереке аясында түлкібастық балғындар да қуанышқа бөленді. Ондағы Т.Рысқұлов ауылының «Жанкент» шағын ауданында қазіргі заман талабына сай тұрғызылған 280 балаға арналған «Таңшолпан» балабақшасы пайдалануға берілді. 

 

 

Елбасының тапсырмасымен «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген балабақшаға облыстық бюджеттен 577 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Қажетті барлық құралдармен толық жабдықталған мектеп дейінгі мекемеде жергілікті 72 тұрғын жұмыспен қамтылып отыр.

Бұл күні балалармен қатар, ересек азаматтар да әлеуметтік нысанға қол жеткізді. Түлкібас поселкесінде пайдалануға берілген емханада жергілікті 58 адам жұмыспен қамтылған. Күніне 120 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар медицина мекемесінің құрылысына облыстық бюджеттен 290 млн. теңге қаржы жұмсалған.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

446 рет қаралды

Пікір жазу