13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО: «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Сәрсенбі, 15 Маусым 2016 10:19

 

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен саяси кеңестің бюро отырысы өтті.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Атап айтқанда, жиынға қатысушылар бюджет пен "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында құрылыс нысандарын салуға бөлінген қаржының игерілу барысын талқылады. Отырыста Мақтарал ауданында осы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын аудан әкімі Ж.Бейсенбаев баяндады. Мұнан бөлек, жиында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясы төрағалары мен кандидатуралары бекітілді. Кездесуде, сонымен қатар, партия филиалының өткен және осы жылдағы мәселелері қаралып, ондағы ұйымдастыру жұмыстарының барысы сөз болды.

Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша партия филиалының басшылығына нақты тапсырмалар беріліп, партияның Мақтарал аудандық филиалының төрағасы Ж.Бейсенбаев пен оның орынбасары А.Байдуллаевқа партиялық жаза көрілетін болды.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау комиссиясы төрағалары мен кандидатуралары таңдалды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

460 рет қаралды

Пікір жазу