15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА БЕС АЙДА 100 МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛГЕН

Жұма, 17 Маусым 2016 13:36

 

Елімізде ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың 5 айында жалпы ауыл шаруашылық өнім көлемі 99,9 млрд.теңгеге жетті. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 25,6 млрд.теңгеге артық.

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ауыл шаруашылық бағытында атқарылған жұмыстарды баяндаған облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев өңірде 80 мыңға жуық агроқұрылымдар жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, аймақта ауыл шаруашылығы дақылдары 776,4 мың га. жерге орналастырылғанын айтып, жаппай астық ору науқаны келер аптадан басталатынын хабарлады. 

«Биыл масақты дақылдар 195 мың га. жерге егілді. Оның ішінде күздік бидай  144,8  мың га, күздік арпа  2,4 мың га, жаздық бидай 12 мың га, жаздық арпа 35,8 мың га құрады. Егілген масақты дақылдардың әр гектарына  22 центнерден жалпы 430 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде»,-деді С.Тұяқбаев.
Өңірде астық ору науқанында 1060  комбайн мен 45 машина-тракторлық станциялар қызмет көрсетітін болады. Ал агротехникалық талаптардың сақталып, жаңа технологиялардың қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардың арқасында  биылғы жылы астықтың мол өнімін өсіруге қол жеткізіп отыр.

Брифинг барысында Сапарбек Тұяқбаев шегірткеге қарсы жүргізілген жұмыстар бойынша баяндады. Онда ол зиян шеккен шаруалардың тізімі жасалып жатқанын, сол тізімге енген әрбір шаруа назардан тыс қалмай қандай да бір көмек алатынын атап өтті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

359 рет қаралды

Пікір жазу