15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 600-ГЕ ЖУЫҚ ТҮЛЕККЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ТАБЫСТАЛДЫ

Бейсенбі, 23 Маусым 2016 06:38

 

Өңір басшысы Б.Атамқұловтың қатысуымен 2015-2016 оқу жылындағы ерекше үлгідегі «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімі облыстағы мектеп-интернаттарды тәмәмдаған 116 түлекке «Алтын белгі» белгісін тапсырып, ҰБТ-да 125 балл жинаған 6 оқушыға қаржылай сертификат табыстады.

«Бұл қуаныш – 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, Егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», - деді Б.Атамқұлов.
Өз кезегінде, бітіруші түлектердің бірі – «Алтын белгі» иегері М.Турдиева аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, өз замандастарына ақ жол тіледі.

Салтанатты кездесу барысы мерекелік концертке ұласып, түлектер вальсі ұйымдастырылды.
Айта кету керек, республика бойынша 2534 «Алтын белгі» иегері болса, соның 581-і ОҚО түлегі. Яғни, елімізден шыққан әрбір 4-ші «Алтын белгі» егесі біздің облысқа тиесілі болып отыр. Сонымен бірге, ҰБТ кезінде республикада 125 балл жинаған 19 түлектің 6-уы, яғни, әрбір үшіншісі - Оңтүстіктен.
Ерекше ескеретін жайт, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» белгісіне үміткер 57 оқушының 40-ы немесе 70,1% өз білімін растап, облыста жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

383 рет қаралды

Пікір жазу