17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

САРЫАҒАШТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,4 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Жұма, 24 Маусым 2016 14:04

 

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.

Баспасөз мәслихатында аудан әкімі жыл басында Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында бірқатар міндеттемелер жүктелгенін айтып, бұл бағытта ауданда нақты жұмыстар іске асырылып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша, ауданда кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша атқарушы органдар үшін Бірыңғай конкурстық комиссия құрылып, бос лауазымға конкурстар ашық түрде байқаушылардың қатысуымен өткізілуде. Сонымен қатар, Ұлт жоспары аясында халыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылып, оған Сарыағаш және Келес өңірі бойынша екі басшы тағайындалған. Оның құрамында 200-ге жуық қызметкер бар. Ал құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 200 «Сақшы-Сарбаз» еріктілер жасағы да құрылған. Осының нәтижесінде мал ұрлықтары мен құқық бұзушылық деректері ашылған.

Брифингте, сондай-ақ, аудан әкімі Сарыағашта 1 көлік логистикалық орталығының жұмыс істеп тұрғанын айтып, жыл соңына дейін құны 750 млн. теңге болатын тағы бір логистикалық орталықтың ашылатынын жеткізді.

«Сарыағаш – аграрлы бағыттағы аудан болып табылады. Мұнда өнімнің негізгі үлесін ауыл шаруашылығы саласы алады. 2015 жылы аумақтық жалпы өндірілген өнім 130,3 млрд. теңге болса, оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласының үлесі 60,6 млрд. теңге немесе 46,5% құрады. Соңғы 5 жылда оның көлемі 35,4 млрд теңгеге өсіп, 2,4 есеге артты», -деді Б.Парманов.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

316 рет қаралды

Пікір жазу