"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫ ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Жұма, 24 Маусым 2016 14:09

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұловтың тапсырмасына сәйкес, «Біз біргеміз» акциясы аясында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ж.Бектаева бастаған мобильдік топ Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылындағы бірқатар жеке меншіктегі нысандар мен мемлекеттік мекемелерді аралап, мүмкіндігі шектеулі  азаматтардың ғимаратқа еркін кіріп-шығуына арналған қол-жетімділік шараларының барысын бақылап, жұмыстармен танысты.

Жұмысшы топтың жұмыс сапары барысында бірқатар кемшіліктер орын алып, жеке меншік нысандағы кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал нәтижені қадағалау тиісті сала мамандарына тапсырылды.             

Жалпы бүгінгі күнге дейін ауданда мүгедектерге қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншіктегі нысандарға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз ету үшін  73 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 97 жеке кәсіпкермен құны 8604000 теңге болатын 39 нысанға пандус орнатуға, 58 нысанға табалдырықты жоюға меморандумдар түзілді.

 

 

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

329 рет қаралды

Пікір жазу