"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Сенбі, 25 Маусым 2016 10:47

 

Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында М.Дулати атындағы аудандық мәдениет сарайында 11 жыл білім алып, мектептерді үздік аяқтаған оқушыларға арналған салтанатты жиын болып өтті.

Жиында облыстық дін істері басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Т.Айдарова, аудан әкімі Қ.Абдуалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Маткеримов құттықтау сөз сөйлеп, аудан мерейін үстем еткен оқушыларға алғысын білдіріп, өздерін қалаған оқу орындарына түсіп, білікті мамандықтың иесі болып, еліміздің өсіп-өркендеуіне, көркейіп, гүлденуіне өз үлестеріңізді қосып, атсалысуға шақырды.

Жиында «Алтын белгі» иегерлері Алғыс хатпен, олардың ұстаздарына еліміздің шипажайларына демалуына жолдамалар берілді. Мерекелік іс-шара оқушыларға дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Жалпы аудан биылғы оқу жылында 1177 оқушы мектеп бітірсе, оның 1032-ы ұлттық бірыңғай тестке қатысып, өз бақтарын сынады.

Мектеп бітірушілердің қатысу пайызы өткен жылы 81,3 болса, биылғы жылы 90,3 пайызды құрап, облыс бойынша алғашқы қатарда болды.

Маусым айының 2 мен 4 күндері өткен ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы бойынша ауданымыздың білім көрсеткіші 82,5% пайызды құрады.

Бұл көрсеткіш облысымыздағы аудан, қалалармен салыстырғанда алдыңғы орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Мектеп бітірушілердің арасында 29 оқушы «Алтын белгі», 12 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

289 рет қаралды

Пікір жазу