"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Жексенбі, 26 Маусым 2016 07:11

 

Республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау  бөлмелерінде азаматтарды қабылдау өткізілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалында азаматтарды «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ басшылығы, әділет департаменті басшылығы және салалар бойынша қызметкерлері, адвокаттар, нотариат, эксперттер қабылдады.
Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары да қатысты.
Акцияның мақсаты-тұрғындарға Қазақстан Республикасының қолданыстыағы заңдары мен құқықтық-нормативтік актілері туралы және оларға енгізілген өзгерістер жайлы ақпараттар беру. Сонымен қатар тақырыптық және жылжымалы қабылдаулар өткізіп,тұрғындарды мазалаған мәселелер бойынша сұрақтарға  жауап беру.

Акция барысында барлық азаматтар кәсіби заңгерлер мен адвокаттардың, заң кеңесшілерінің тегін консультацияларын алып, мұрагерлік мәселесі жөнінде,  жылжымайтын мүліктерін өз аттарына заңдастыру туралы, жеке бас куәліктерін қайта алу мен аты - жөніне  өзгеріс енгізу, бала асырап алу, жер мәселесі мен жеке кәсіпкерлік ашуға және т.б  заң талаптарына орай  ақпаратар алды.

 

nurotan.kz

324 рет қаралды

Пікір жазу