13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ӘКІМІ САЙРАМ АУДАНЫН АРАЛАДЫ

Жексенбі, 26 Маусым 2016 07:25

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов жұмыс сапарымен бүгін Сайрам ауданында болып, бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

Сапар барысында ол облыс үшін транспорттық маңызы бар "Манкент" темір жол бекетіне барып, ондағы жағдайды бақылады. Ол жердің тыныс-тіршілігімен танысқан облыс әкімі мұнда келуші халыққа жағдай жасалмағанын айтып, стратегиялық маңызды нысанды ретке келтіруді тиісті сала басшыларына тапсырды. Темір жол бекетінде халықпен сөйлесіп, өтініштерін тыңдады.

Сонымен қатар, ауданға жасаған жұмыс сапары барысында аудандағы орталық базар бірінші басшының назарынан тыс қалған жоқ. Аталған базарда ретсіз сауда мəселесі бар екенін жəне санитарлық талаптарға сай еместігін айта кету керек. Сондай-ақ, базарға келушілер үшін автотұрақ қажеттілігі айтылды. Аталған проблемалармен таныс болған өңір басшысы қысқа мерзім ішінде тиісті деңгейде шешіп, ретсіз сауда қатарының саудагерлеріне Ақсу базарынан орын беруді тапсырды.

 

 

Сапар соңында облыс басшысы іргетасы 1932 жылы қаланған саманнан соғылған, бүгінде апатты жағдайда тұрған N11 Манкент мектебін аралады. 1215 оқушыға шақталған өзбек мектебінің құрылысына 678 млн. теңге қаржы керек. Үш ауысымда білім беретін білім ошағының мәселесін шешу үшін өңір басшысы бастапқы қаржыны аудандық бюджеттен бөлуді тапсырып, қалған ақшаны кейіннен облыстық бюджеттен бөлуді жүктеді.

350 рет қаралды

Пікір жазу