"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЙҚЫН ТАРИФ» «НҰР ОТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жексенбі, 26 Маусым 2016 07:57

 

«Нұр Отан» партиясы Алматы облысы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Айқын тариф» партиялық жобасы аясында Сарыөзек ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бозымбеков, аудандық тұрғын- үй және коммуналдық қызмет көрсету бөлімінің басшысы М. Сопбеков, жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Диханбаева,  аудандық пошта байланыс торабы басшысының орынбасары З.Ахметбекова және аудан тұрғындары қатысты.

Партиялық  «Айқын тариф»  жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. бозымбеков атқарылған істер барысымен таныстырды. «Айқын тариф» партиялық жобасының мақсатын түсіндіре келе, жеке тұлғалар үшін коммуналдық қызметтерге қойылған тарифтердің айқындығын, тарифтерді өзгерту жоспарлары туралы халықты хабардар етті. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларына тұрғын үйді ұстау, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну жөніндегі шығындарын өтеуге арналған өтемақыға жеңілдіктер қарастырылғаны және ол жеңілдіктер кімдерге тағайындалатынын айтып өтті. 

 

 

«Әр  тоқсан  сайын  Коммуналдық қызмет бағасы туралы мекеме  басшыларымен  бірге  қадағалап,   жиындарда   түсінік  беріп  келеміз.   Сұрақтарыңыз  болса   қойыңыздар», - деді аудандық  партия  филиалы  төрағасының  бірінші орынбасары   Ж.Бозымбеков.

Келесі  сөз  кезегін  алған   аудандық  жұмыспен қамту және бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл  Диханбаева: «Ауылдық  жерде   жұмыссыздар  саны  басым  болғандықтан,  су  және   жарық  бағасын    неғұрлым   төмен   деңгейде   тұтыныңыздар»-деп өз ұсынысын білдірді.

Ауыл жұртшылығының «Коммуналдық қызмет бағасы» туралы бірқатар сауалдарына, бөлім басшылары қанағаттанарлықтай жауап берді.

 

nurotan.kz

503 рет қаралды

Пікір жазу