27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Сәрсенбі, 29 Маусым 2016 11:55

 

Ағымдағы жылы ОҚО-да «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 27 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, 23 білім нысандары, 1 жатақхана құрылысы және 3 инженерлік инфрақұрылым жүйелері бар. 13 нысанның құрылысы 2015 жылдан өтпелі болса, 14 нысанның құрылысы осы жылы жаңадан басталды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында салынған 600 орындық екі мектеп 2016 жылдың мамыр айында пайдалануға тапсырылды.

ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бағдарлама аясында салынып жатқан нысандарға тексерудің өзге де түрлерімен бақылау жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мердігер мекемелерге 16 нұсқама берді. Сонымен қатар, жұмысты уақытында орындамаған құрылысқа қатысушылар 9 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бүгінде кемшіліктер толығымен қалыпына келтірілді.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

269 рет қаралды

Пікір жазу