13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ЖАСТАРЫ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Сенбі, 16 Шілде 2016 13:47

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНЫҢ  ҮНДЕУІ

 

Жуырда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қандастарымыз төтенше болған табиғат апатынан қатты зардап шекті.
Дүлей жауған бұршақтан пайда болған сел қандас бауырларымыздың 300-дей үйін шайып, адам шығыны орын алған. 700-дей отбасы баспанасыз қалған.
Суық хабарды естіген облыстың белсенді жастары бүгін облыс тұрғындарына үндеу жариялады.

Шекараның арғы жағындағы қандастарымыздың қайғысы мен басына түскен қиындығы бүкіл Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. «Апат айтып келмейді» дейді дана халқымыз. Мұндай жағдай кез келген елде, кез келген өңірде орын алуы мүмкін. Қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созу адамгершіліктің ғажап үлгісі, ұлттық дәстүріміз арқылы біздің сүйегімізге сіңген қасиет.

Ежелден қарға тамырлы қазаққа жау да, дау да, той да, қайғы мен қаза да ортақ. Көмекке мұқтаж бауырларымызға қол ұшын созу – азаматтық парыз.
Жат жерде жүрген қандастарымыз артында тәуелсіз әрі қуатты Қазақ елі барын, кез келген жағдайда көмектесуге әзір қазақ халқы барын сезінсін.
Облыстағы барлық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды өз мүмкіндігіне қарай көмек қолын созуға шақырамыз.
Жанашыр жандарға «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған төмендегі есеп-шотын хабарлаймыз.

 

РЕКВИЗИТТЕР:

«Бізбен бірге» қоғамдық қоры
Шымкент қаласы, Қайтпас 2 мөлтек ауданы №34-35
«Нур банк» АҚ Шымкент қ. филиалы
БИН 150540004179
ИИК KZ4284906KZ000966548
БИК NURSKZKX
КОД 18
Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы Андабаев Абай, тел:8 778 558 31 74, 8 705 483 54 93.

370 рет қаралды

Пікір жазу