15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ОРДАБАСЫ ОТТАРЫ» ГАЗЕТІНЕ – 80 ЖЫЛ!

Сенбі, 16 Шілде 2016 14:49

 

2016 жылғы 13-14 шілде аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында "Ордабасы оттары" газетінің 80-жылдық мерейтойына  байланысты салтанатты меркелік  іс-шаралар өткізілді.

Екі күнге созылған мерекеге республика және облыс атынан көптеген белгілі азаматтар мен газеттің негізін қалаған тұлпар тұлғалар келіп қатысты.
Газет мерекесі халықаралық ақындар айтысымен басталып,  көпшіліктің көңілінен шықты.

Мерекелік іс-шара барысында тарихы тереңде жатқан басылымның 80 жылдық мерейтойымен  облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облыс әкімі атынан ордабасылықтарды атаулы мерекемен құттықтады.

 

 

Облысымыздағы аудандық басылымдардың арасындағы тарихы терең газет алғашында «Социалды жол», «Коммунизм таңы», «Заря коммунизма» деген атаумен жарық көріп келді.


Сол жылдардың өзінде басылым өмір тынысы мен халықтың мұң-мұқтажын батыл айтып, өзі шығатын аймақтың көркем шежіресін жасады.

1992 жылдан бастап газет «Ордабасы оттары» қоғамдық-саяси апталық газеті деген атқа ие болды. Тәуелсіздіктің арқасында басылымның осындай жарасымды атауға ие болуының өзі үлкен тарихи оқиға болатын.
Содан бері газет өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына орасан зор үлес қосты.
Мемлекет басшысының сындарлы саясатын жұртшылыққа кеңінен насихаттап, тәуелсіз еліміздің тұғырын көтеру, қоғамдағы түрлі оқиғалар мен жарқын жаңалықтарды аудан тұрғындарына жеткізу жолындағы ерен еңбек етіп келеді.
Газет тарихында тұңғыш рет осынау ауқымды іс-шара газет қызметкерлерінің, жанашыр оқырмандарының, ауыл азаматтарының демеушілік көмегінің арқасында өтті.
Мерекеге келіп, қатысқан ел ағалары, зиялы қауым өкілдері газет ұжымының қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырды.

584 рет қаралды

Пікір жазу