"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ДЕЛЕГАТТАРЫ МАЛАЙЗИЯДА БОЛДЫ

Дүйсенбі, 18 Шілде 2016 11:44

 

Оңтүстік Қазақстан облысынан бір топ делегация «Ontustik Invest – 2016» форумы аясында түзілген келісім бойынша Малайзия мемлекетіне іскерлік сапармен барып келді.

Аталған іскерлік сапардың негізгі мақсаты - облыстың экономикасына Малайзиялық инвесторларды тартып, іске қосылған жобалармен танысу болатын. Сондай-ақ, сапар барысында Малайзия мемлекетінде кең қолданысқа ие болып жатқан инновациялық медициналық тестерлерді Оңтүстік Қазақстанда шығару мәселелері талқыланды.

Қазақстандық делегация іскерлік сапар аясында денсаулық сақтау, құрылыс, ірі нысандарды модернизациялау, білім беру және қоғамдық тәртіпті бақылау салаларына IT-технологияларды енгізу тәжірибесімен танысты.

Сонымен қатар, олар CIDB Malaysia, KLIA Holdings, RVR Diagnostics, CYBERTECH Security, Unitab Medic, Takaful Malaysia, Tandem TVS, Najcom SDN BHD секілді ірі компания өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасты.

Малайзия мемлекетіне жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша делегациялар арасында екіжақты жемісті диалог орын алып, өзара ынтымақтастық бойынша келісімге қол жеткізілді.

286 рет қаралды

Пікір жазу